KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Рекорд! Париж олимпиадасына 8,8 миллион билет сатылды

фото: istockphoto.com

22.07.2024, 09:19 149

Санаулы күндерден кейін шымылдығы түрілетін Париж Олимпиадасына 8,8 миллион билет сатылды. Бұл – рекорд, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, халықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит Макконнелл:

«8,8 миллионнан астам билет сатылды. Бұл керемет сан. Франциядағы спорттық іс-шараның ең жоғары көрсеткіші», - деп мәлімдеген.

Бұған дейін ең көп билет 1996 жылы Атлантада өткен дода қарсаңында сатылған. Спорт жанкүйерлері ол кезде 8,3 миллион билет алыпты.

Айта кетейік, Париж төрінде ел намысын 80 спортшы қорғайды. Олимпиада ойындары 26 ​​шілде мен 11 тамызы аралығында өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив