KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 2 м/с, Ю
482.86 533.17 5.08

Катар-2022: Ұлттық құрамалар санын 32-ден 48-ге арттыру

15.01.2019, 04:19 164


Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) осы аптада Марракеште 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатына қатысушылар санын көбейту идеясын талқылайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бірден айтайық, бұдан бұрын 2026 жылы футболдан әлем чемпионатына 48 команданың қатысатыны туралы шешім қабылданған болатын. Ал қазір 2022 жылғы доп додасында бақ сынайтындардың санын 32-ден 48-ге арттыру мәселесі талқыланбақ. Бұл туралы ФИФА президенті Джанни Инфантино Maghreb Arabe Press-ке мәлімдеді.


– Алдағы кездесу ұлттық қауымдастықтардың ұсыныстарын – келесі турнирден бастап футболдан әлем чемпионатына қатысатын ФИФА мүшелерінің санын 48 құрамаға жеткізу ұсынысын зерттеуге арналады, – деді ФИФА президенті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив