Алтайлық жасөспірімдер ағылшын тілін тегін үйреніп жатыр

Шығыс Қазақстандағы Алтай ауданында ағылшын тілінің жазғы курсы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Жазғы курс «Тілдерді оқыту орталығының» базасында ұйымдастырылды. 20-ға жуық талапкер тегін білім алып жатыр. Курсты еуропалық жоғары оқу орнының түлегі, білім беру саласының магистрі және тәжірибелі педагог Рамазанова Ләйлә Мұсаханқызы жүргізуде, – деп мәлімдеді Алтай ауданының әкімдігі.
Оқи отырыңыз