KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
485.04 525.98 5.04

ШҚО-дағы Бұқтырма цемент зауытында өрт шықты

21.07.2020, 07:18 107

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма цемент компаниясында өрт шықты. Отыз бірдей маман тілсіз жаумен тоғыз сағат бойы арпалысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыстық ТЖД-ның мәлімдеуінше, оқиға 19 шілде күні болған. Алтай ауданының Октябрь кентіндегі зауытта өрт шығып, транспортер лентасы, көмір және электр кабельдері жана бастаған.

Өрт сөндірушілер тоғыз сағат бойы тынбай жұмыс істеді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі – технологиялық үрдісті бұзу болуы мүмкін, – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив