Енді макарон тапшылығы басталды ма? Өскемен әкімдігі жауап берді

Кеше әлеуметтік желілерде облыс орталығында макарон өнімдері тапшы бола бастаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Алайда қала әкімдігі бұл деректі жоққа шығарып, дүкендерде дүрбелең жоқ, деп мәлімдеді.
– Дүкен сөрелерінде «Сәлем», «Цесна», «Сұлтан» және басқа фирмалардың қаптамадағы макарон өнімдері толып тұр. Жалпы сапасы жоғары болғандықтан дәл осы қаптамадағы макарондарға тұтынушылар тарапынан сұраныс жоғары, – деп жауап берді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әкімдіктегілер азық-түлік дүкендерінде өлшемелі макарон да бар деп сендірді.
Оқи отырыңыз