ШҚО-да аудандардан коронавирус шыға бастады
Шығыс Қазақстан облысында аудан тұрғындары коронавирус жұқтыра бастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бүгін облыс бойынша 16 адамнан коронавирус инфекция анықталды. Оның ішінде Семей қаласында 5, Жарма ауданында 4, Үржар ауданында 3, Бородулиха ауданында 2, Шемонайха ауданында 2 адам тіркелді.
«15 науқас – жергілікті тұрғын. Біреуі шеттен келген. 13 адам бұған дейін вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалар ретінде тексерілген. Бір адам Ресейден келген соң тексеруден өткен. Тағы бір тұрғын ЖРВИ-ге тексерілген, енді біреуінен скрининг барысында ауру белгілері анықталған», – деп мәлімдеді облыс әкімдігі.
Қазіргі уақытта аймақта ауру жұқтырғандар саны 135-ке жетті.