KZ
Өскемен
-28°
плотный туман жел 1 м/с, ОБ
520.27 537.65 5.24

Өскеменде "көлшіктер" пайда бола бастады

18.03.2020, 10:53 244

Өткен түнде Өскеменнің бірнеше көшесін су алды. Қала шетіндегі Жаңа-Ахмер елді мекенінде кеме жүзетін көлшіктер пайда болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Коммуналдық қызметкерлер Лихарев, Карбышев, Зайсан көшелері мен Менделеев және Егеров көшелерінің қиылысындағы тоқтау суларды тартты. Ал Жаңа-Ахмер елді мекенінің көшелерін жыл сайын ерте көктемде су алады екен. Мұны коммуналдық қызметкерлер растап отыр.

– Қаланың Аблакет ауданында қар еріп бітті деуге болады. Барлығы ойдағыдай. Ал Пушкин, Шмелев көшелері бір-екі күнде дегдіп кетеді. Бір-екі рет су жүріп кеткен кез болды. Ол кезде де дереу тиісті шаралар жасалды. Индустриалды көшесінде су арық арқылы бірқалыпты ағыуда. Ал Шешектегі қарғын су кәріз құдықтарына құяды, – дейді қала әкімінің орынбасары Тамара Рахимжанова.
2018 жылы облыс орталығындағы көшелерді түгел су басып, жер үйлерге дейін кіріп кеткен болатын. Осыдан сабақ алса керек, қала билігі биыл тасқынға тосқын қою үшін қомақты қаражат бөлген екен.

– Су басу қауіпінің алдын-алу шараларын жүзеге асыру үшін ешқашан дәл осындай қаражат бөлінбеген еді. Жылда 8-10 миллион теңге жұмсалып келсе, биыл екі жылға 60 миллион теңге бөлінді. Бұл өте қомақты қаражат. Осыған сәйкес алдын алу іс-шаралары да тыңғылықты жүргізілді, – дейді Тамара Рахимжанова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу