KZ
Өскемен
-25°
плотный туман Штиль
520.27 537.65 5.24

Коронавирус жұқтырған деген күдікпен африкалық азамат ауруханаға жеткізілді - Семей

13.03.2020, 11:17 106

Бүгін әлеуметтік желілерге тарап жатқан Семейдегі видеоға қатысты ресми ақпарат берілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, Семей қаласының тұрғындары шаһардағы қонақүйлердің бірінен жәдел жәрдем көлігіне тиеліп жатқан науқастың видеосын түсіріп алған. Онда дәрігерлер арнайы тәсіл, яғни қорғаныш костюмдер арқылы  белгісіз адамды далаға шығарғаны көрсетіледі.

Осыған қатысты баспасөз қызметі төмендегідей ресми ақпарат таратты: 

"Оңтүстік Африка республикасының азаматы, О., 1949 ж. т. Семей қаласында жұмыс істейді. Техникалық жиынға Дубай мен Нұр-Сұлтан арқылы транзитпен ШҚО-ға келген. 12.03.2020 ауырғанын айтады. Дене қызуы көтеріліп, тұмауратқан. Бекітілген іс-қимылдар алгоритміне сәйкес, Семей қаласының ЖМЖС науқасты инфекциялық стационарға қорғаныш костюмдері арқылы жеткізді. Науқас ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта ЖРВИ, ауырлығы орташа деңгейдегі бронхит диагнозы қойылған. Қосымша диагноз: 2 типті қант диабеті, инсулинге тәуелділік. Алдын алу мақсатында Сovid 2019-ға талдау алынды."

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу