Даниал Ахметов депутаттарды коронавирусқа қатысты түсіндіру жүргізуге шақырды
Облыстық мәслихат сессиясының кезектен тыс шақырылымына қатысқан Даниал Ахметов депутаттарды коронавирусқа қатысты халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырды.
– Қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты облыстағы емханалар мен білім ошақтарында тиісті алдын алу шаралары атқарылып жатыр. Көпшіліктің қатысумен болатын іс-шаралар шектелді. Үкімет республикада вирусқа шалдыққандардың жоқ екенін мәлімдеді. Алдын алу мақсатында істеліп жатқан амалдарға халық түсіністікпен қарайды деп сенеміз. Сол себепті үрейге бой алдырып, байбалам салып, жаппай азық-түлік сатып алуға негіз жоқ. Депутаттардан өз округтеріндегі тұрғындарға осындай түсіндіру жұмысын жүргізуді сұраймын, – деді Даниал Ахметов.