KZ
Өскемен
-25°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
520.27 537.65 5.24

Өскемен мектептері ата-аналардың жеке басы туралы мәліметті неге жинап жатыр?

11.03.2020, 10:04 128

Бүгін Өскемендегі бірнеше тұрғынға баласы оқитын мектептен арнайы хат келген. Хатта оқушының өзінің және әке-шешесінің жеке басын айғақтайтын мәліметтерді жазып жіберу сұралған, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме беріп.

Нақты сұралған ақпараттар мынадай: әке-шешесінің толық аты-жөні (ағылшынша және орысша жазылу нұсқасы да міндетті), мекенжайы, өзінің және әке-шешесінің ЖСН нөмірі, куәліктің жарамдылық мерзімі және байланыс телефондары.

Хатта жазылған мәлімет бойынша, бұл ақпараттар оқушының қоғамдық көліктерде жүруіне, мектепке кіруіне және асхана ақысын төлеуіне арналатын карта жасау үшін қажет болған.

Алайда өскемендік ата-аналар бұл жайтқа алаңдаушылық білдірген. Себебі, қалада электронды билеттендірудің ауылы алыс. Сол секілді мектептерге турникет орнату мен асхана ақысын карта арқылы төлеу туралы бұған дейін ешқандай құлақтандыру болмаған. Сондай-ақ аталған картаны жасау үшін ата-аналардың жеке басына қатысты мәліметтер не үшін керек?

Әзіргі қала басшылығы бұған қатысты пікір білдірген жоқ. Айтуларынша, ата-аналарға хат жолдады делінген білім ошағының басшысы орынында жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу