KZ
Өскемен
-12°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да туберкулезге шалдығу дерегі азайды

22.02.2020, 19:51 217

ШҚО-да медициналық, санитариялық-эпидемиологиялық және фтизиатриялық қызметтердің бірлесіп атқарған жұмыстары, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың нәтижесінде туберкулезге шалдығу дерегінің азайғандығы анықталып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

2019 жылы туберкулезбен ауыру 2018 жылмен салыстырғанда 5,9%-ға төмендеп, туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші 29,6%-ға азайды. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1,8 есеге кеміді.

Туберкулезге қарсы күресте жалғыз әрі тиімді құрал – профилактикалық шаралар, оның ішінде арнайы медициналық, туберкулезге қарсы иммундауды және профилактикалық медициналық тексеруді қамтитын шаралар кешені.

Балаларды БЦЖ вакцинасымен жоспарлы иммундау туберкулездің ауыр түрлерінің дамуын болдырмау үшін жүргізіледі. Бірінші вакцинацияны нәресте перзентханада дүниеге келгеннен кейін алғашқы төрт күнінде алады. Екінші екпені (ревакцинация) 6-7 жастағы балаларға (бірінші сынып оқушыларына) жүргізеді.

Ересек тұрғындар арасында туберкулезді анықтау үшін флюорографиялық тексеру жүргізіледі. 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысында флюоро қараумен халықтың 98,8% қамтылды.

Әлеуметтңк өауіпті жұқпалы аурудың алғашқы белгілері кезінде дәрігерге бару керектігін еске саламыз. Ол туберкулезге қарсы препараттармен толық емдеу курсынан өткен жағдайда ғана емделеді. Елімізде туберкулезді емдеу тегін.

Туберкулездің жеке алдын алудың негізгі шаралары:

1. Салауатты өмір салты

2. Дұрыс күн режимі

3. Тиімді тамақтану

4. Тұрақты дене белсенділігі

5. Толық демалыс

6. Зиянды әдеттерден бас тарту (темекі шегу, алкоголь)

7.Жеке гигиенаны сақтау және өз денсаулығына назар аудару-үнемі медициналық тексеруден өту.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу