KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да туберкулезге қарсы егу қайта басталды

2.10.2019, 12:01 185

Естеріңізге сала кетсек, елімізде тамыз айында балаларды туберкулезге қарсы егу тоқтатылған. Себебі, біздің дәрігерлер қолданып келген жапондық екпеден күдікті зат табылған еді. Енді екпе қайта салына бастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жапондық өндіруші компания 35 мемлекетке, оның ішінде Қазақстанға жөнелткен бүкіл вакцинаны кері  қайтарып алған болатын. Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Ұлттық сараптама орталығы сәйкес тексерулер жүргізіп, екпенің зиянсыз екенін анықтап отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі барлық басқармаларын туберкулезге қарсы егудің қайта басталғаны жайлы хабардар етті. Осыған орай вакцина уақытша тоқтатылған кезеңде дүниеге келген сәбилердің ата-аналарына емханаға барып, екпе алу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу