KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

«Өтірік баға айтқанды қашан қояды?» - Аягөздіктердің жәрмеңкеге көңілі толмайды

26.12.2019, 06:18 182

Аягөз қаласында жәрмеңкелер жиі ұйымдастырылып тұрады. Ондағы мақсат – халыққа қажетті азық-түлікті қолжетімді бағамен ұсыну. Алайда қала тұрғындарының жәрмеңкеге көңілі толмайды екен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жуықта қаланың орталық алаңында кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті.

- Жәрмеңкеде 13 бас ірі қара, 7 бас жылқы және 8 бас қой еттері сатылды. Қой еті - 1400 тг, ірі қара еті - 1500 тг, жылқы еті - 1600 тг сатылды, - деп жарияланған Аягөз ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ал тұрғындардың айтуынша, еттің бағасы жәрмеңкеде 1700 теңгеден төмен болмаған.  

-  Жəрменкеде болдым . Ет 1700 теңгеден. Бір əйел  әкімшілік қызметкерлеріне келіп «ет қымбат, неге қадағаламайсыздар?» деп наразылық білдірді. Халық көрді, - деп жазады Раушан есімді қала тұрғыны.

Аягөздіктер ауылдан келген мал етін көтерме бағамен сатып алатындарсол  жəрменкеде ет сатып тұрады екен. Жалпы осы жәрмеңкелердің өткізіліп жүргеніне 7 ай болған екен. Адамдардың айтуынша, осы күнге дейін дұрыс ұйымдастырылмай келеді. Мұндағы бағалардың базардағы бағадан айырмашылығы жоқ екен.

- Одан да орталық базардан алған жақсы. Қарызға алып, айлықта бересің. Қашан қояды екен өтірік баға айтқанды?  - дейді тағы бір тұрғын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу