Семейде рұқсатсыз қарағай кескен ер адам ұсталды
Семей тұрғыны рұқсатсыз қарағай кесіп ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізге салсақ, қала аумағында 17 желтоқсан бері «Шырша» жедел алдын алу іс-шарасы жүріп жатыр. Осыған байланысты тәртіп сақшылары сауда нүктелерін және орманды қатаң бақылауға алған. Тексеріс барысында 28 жастағы шаһар тұрғыны екі қарағайды кесіп алап кетпек болғанда қолға түскен.
- 24 желтоқсан күні орманнан екі қарағайды арамен кескен. Әзірше шығын мөлшері анықталуда, - дейді қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз