ШҚО-да 4 мыңдай бала балабақшаға тегін барады
ШҚО-да 4 мыңдай баланың ата-анасы балабақшаға ақы төлемейтін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Мамыр айынан бері көпбалалы отбасынан шыққан 3 582 бала мектепке дейінгі мекемелерге тегін барады. Солардың 693-і ерекше оқытуды қажет ететін бала. Осы мақсатта бюджеттен 200, 2 миллион теңге бөлінген, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.
Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселелерін шешу жөніндегі қоғамдық комиссия отырысында айтылды.
Оқи отырыңыз