Өскеменде қоқыс полигонынан шыққан өрт сөндірілді
Қалалық қоқыс полигонындағы өрт толығымен сөндірілді. Бұл туралы Төтенша жағдайлар басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізде болса, қоқтықтан өрт жексенбі күні (11 тамыз) кешкілік уақытта шыққан еді. Ал таңертеңгісін қаланы түтін мен жағымсыз иіс жайлап алды.
Ал 12 тамыз күні қала әкімі Жақсылық Омар осы өрттің "ауыздықталғаны" туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып еді. Алайда ол келесі күні тағы өршіді.
– 15 тамыз күні кешкі сағат 19:47-де қоқыс полигонындағы өрт толығымен сөндірілді. Полигонды күзетуге облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы жасағынан 4 адам мен 1 автоцистерна қалдырылған, – деді қалалық ТЖБ-ның баспасөз хатшысы.