KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Семейде арнайы жабдықталған жағажайлар жоқ

19.07.2019, 10:24 156

Семейліктер ала жаз бойы жабдықталмаған жағажайларда суға түсуге мәжбүр деп хабарлайды, Алтайньюс тілшісі Arnapress.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық ТҮКШ бөлімінің бастығы Амантай Өтелбаевтың айтуынша, былтыр қала бюджетінен жағажай үшін 2,5 млн теңге бөлініп, байқау жарияланған. Алайда кәсіпкерлер белсенділік танытпаған. Сол себепті ағымдағы жылда 5 млн теңге бөлінген екен.

– Біз демалу орнын Сорокин көшесіндегі ескі Понтон көпірі ауданына салуды жоспарлап отырмыз. Жағажайға арнайы құм мен керекті инфрақұрылымдардың барлығын әкелеміз. Міндетті түрде құтқарушылар тобы және су тереңдейтін тұстарда қоршаулар болады. Демалушылар үшін автокөлік тұрағы да әзірленбек, - деп атап өтті Амантай Өтелбаев.

Егер осы жылы да кәсіпкерлер жобаға қызығушылық танытпаса, онда жоспар тағы келер жылға қалады.

Айтпақшы, қаладағы бір жекеменшік жағажайды жабдықтау жоспарланып отыр екен. Қазіргі уақытта кәсіпкер жобаны жүзеге асыруда. Демалыс орны қысы-жазы жұмыс істейтін болады. Жазда – жағажай, ал қыста – арнайы сырғанақтар мен бассейн орнатылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу