Өскеменде тағы бір көше кеңейтіледі
Қаланың ЖМК (КШТ) ауданында тағы да жол-құрылыс жұмыстары жүргізілетін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл аудандағы көшелердің бірі кеңейтілмек екен.
-Өтепов көшесімен қиылысқан тұстан бастап «Нұр Орда» мектебіне дейінгі жол 5-7 метрге дейін кеңейтіледі. Тротуарлар сақталады, - деп мәлімдеді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Өскемен әкімі Жақсылық Омар облыстық Ана мен бала орталығының алдына көлік қоятын орын жасауды тапсырып отыр. Ол 60 автокөлікке арналады деп жоспарлануда.
Оқи отырыңыз