KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 1,3 м/с, В
480.11 532.25 5.14

Жерлесіміз Азия чемпионатының жүлдегері атанды

18.03.2019, 06:17 325

Жерлесіміз Ефим Тарасов Гонконгта мәресіне жеткен жастар арасындағы ІІІ Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрінді.

 

Риддерлік желаяқ 400 метрге жүгіру сайысында мәре сызығын үшінші болып кесіп, ел қоржынына екінші жүлдені салды. Финалдық бәсекеде Ефим межелі қашықтықты 48,59 секундта жүгіріп өтті.

 

Жерлесіміз тек үндістандық Абдул Рашид пен шри-ланкалық Навишка Вееракунға ғана жол берді.

 

Бұл шығысқазақстандық жеңілатлет үшін азиялық біріншіліктерде жеңіп алған екінші жүлде екенін айта кеткен жөн. Естеріңізге салайық, былтыр жастар арасындағы Олимпиада ойындарының құрлықтық іріктеу сынында Тарасов күміс жүлдеге ие болған-ды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив