ШҚО-ның үш елді мекенінде тасқынға тосқын қойылды

шартты сурет
Алтай ауданының үш елді мекенінде су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілді.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Құтқарушылар Бұқтырманың Малеевск, Богатырево және Быково ауылдарымен тұстас бөлігінде мұз жару жұмыстарын жүргізілді.
«49 500 шаршы метр аумақтың мұзы ұсақталды. Барлығы 2750 келі жарылғыш зат пайдаланылды», - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.
Құтқарушыларға жергілікті атқарушы орган өкілдері көмек көрсетіп жатқанын айта кетейік.
Оқи отырыңыз