Протозанов көшесінің Үлбі көпіріне дейінгі бөлігі жөнделеді
Altaynews
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Протозанов көшесінің бойындағы орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Нақтырақ айтар болсақ, алдағы 15 маусымға дейін «Ертіс концерт» мәдениет сарайынан бастап, Крылов көшесі тұсындағы Үлбі көпіріне дейінгі бөлік және көпірдің астындағы көлік өткелі де жөнделеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Жөнделетін аумақтың ұзындығы 816 метрді құрайды. Мердігер мекеме «Өскеменспецкоммунтранс» ЖШС өкілдері келісілген уақытта барлық шаруаны бітіреміз деп отыр. Көктем шығып, күн жылынған соң облыс орталығында жол жөндеу жұмыстары қарқын алды, – деді Жақсылық Мұқашұлы.