Маралды тұрғындары министрмен кездесу үшін Астанаға барды
видеодан алынған кадр
Шығыс Қазақстан облысы Маралды ауылының тұрғындары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевпен кездесу үшін Астанаға барды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Тұрғындар бірнеше жылдан бері ауыл маңында алтын фабрикасының салынуына қарсы күресіп келеді. Олар фабриканың Маралды өзенінің жақын орналасатынына наразы. Өндіріс орны жергілікті халықтың денсаулығына залалын тигізіп, Қызыл кітапқа енген табиғи қорықты, өсімдіктерді, жануарлар мен құстарды жойып жібереді деп қарсы болып отыр.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, шағымдарын барлық мекемеге жеткізген. Алайда ешкім оны елемей, шенеуніктер бір-біріне сілтей берген. Бүгін олар екі жылдан бері жалғасып келе жатқан даудың шешімін табу үшін ИИДМ басшысымен бетпе-бет жүздесуге елордаға табан тіреді.