Ақша айырбастау орындарында рубль бағамы төмендеп жатыр
Фото: stan.kz
Алматы мен Астананың ақша айырбастау пункттерінде Ресей валютасының теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 4,87-5 теңге аралығында сатылып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Ал Астанада 4,93-5,03 теңге аралығында құбылып тұр.
Еліміздегі үшінші мегаполис Шымкентте Ресей рублінің құны – 4,90 -4,97 аралығында.
5 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, Ресей валютасының орташа бағамы 4,92 теңге болған.
Ұлттық банктің 10 шілдедегі ресми бағамы – 1 рубль 4,90 теңге.
Айта кетейік, маусым айының соңындағы Ресейдегі жағдайға байланысты Қазақстанның ақша айырбастау орындарында ресейлік валюта бағамы тұрақсыз болып тұр.