Рубль бағамы тағы төмендеді
Фото: azh.kz
Алматы мен Астананың ақша айырбастау пункттерінде Ресей валютасының теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 4,87-4,98 теңге аралығында сатылып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Ал Астанада 4,85-4,93 теңге аралығында құбылып тұр.
Еліміздегі үшінші мегаполис – Шымкентте Рессей рублінің құны 4,91-4,95 аралығында.
10 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, Ресей валютасының орташа бағамы – 4,92 теңге.
Ұлттық банктің 11 шілдедегі ресми бағамы – 1 рубль 4,85 теңге.
АҚШ ақшасы 442-447 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, маусым айының соңындағы Ресейдегі жағдайға байланысты Қазақстанның ақша айырбастау орындарында ресейлік валюта бағамы тұрақсыз болып тұр.