Риддердегі ЖЭО-ның жаңа басшысы кім?
Фото: atrixgroup.kz
Алматы мәслихатының депутаты, Amanat партиясының мүшесі Әміржан Нәбиев Риддердегі ЖЭО-ның 100 пайыз иесі атанды.
Кәсіпорынның жаңа иесі барлық қарыздарды өз қаражаты есебінен жабуға уәде берді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты КазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.
Министрдің мәліметіне сүйенсек, қазіргі күні ЖЭО-ның жалпы қарызы 5,5 миллиард теңгені құрайды.
ЖЭО енді Әміржан Нәбиев басқаратын "АТРИКС-СТРОЙ" ЖШС бақылауына өтеді.
Айта кету керек, Ә.Нәбиев 2014 жылдан бастап Алматы қаласы мәслихатының депутаты болды. 2016 жылы Алматы қаласы мәслихатының депутаты және Еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары, ал 2023 жылы наурыз айынан бері Экономика, қаржы, активтер, мемлекеттік басқаруды дамыту және қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып қызмет атқарады.