17 жастағы азаматтар автоматты түрде әскери есепке алынады
Фото: smi24.kz
2024 жылғы бірінші қаңтарынан бастап пилоттық жобасы аясында 17 жастағы жігіттер әскери есепке автоматты түрде қойылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан деректерге сүйеніп.
«Жыл сайын 120 мыңға жуық 17 жасар бала әскери есепке алынады. Қызметті автоматтандыру шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарға жыл сайын бөлінетін миллиард теңгеден аса бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді», - делінген ақпаратта.
Үнемделген қаражат медициналық комиссия мүшелеріне еңбекақы төлеу, шалғайдағы ауылдық округтерден жастарды әскери комиссариаттарға алдыру, кеңсе тауарлары және тағы басқа қызметтерге жұмсалады.