ШҚО-дағы ЖЭО-ның дайындық деңгейі 37,1 пайызға жетті
сурет көрнекілік үшін алынды
Өңірдегі ЖЭО-ның жылу беру маусымына дайындық деңгейі 37,1 пайыз болды.
Бұл туралы облыс әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Құрылыс, энергетика және ТКШ басқармасының ақпараты бойынша, 170 шақырым электр желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, бұл белгіленген жоспардың 30,6 пайызын құрайды», - деп жазылған әкімдіктің Телеграмдағы ресми парақшасында.
Өңір басшылығы көмір мәселесі туралы да жазды. Бүгінде халыққа қажетті 447,5 тоннаның 111 мың тоннасы жеткізілген көрінеді.
«Бюджеттік ұйымдар бойынша жағдай жақсырақ, денсаулық сақтау объектілеріне қатты отынның қажетті көлемінің 98,1 пайызы жеткізілді», - деп мәлімдеді әкімдік.
Оқи отырыңыз