KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
495.95 524.37 4.98

Өскемендегі Ана мен бала орталығының маңында егеуқұйрықтар өріп жүр

Фото: catalog-photo

25.07.2023, 14:16 634 Оразай Жеңісұлы

Өскемендегі «Ана мен бала орталығы» ғимаратының маңында егеуқұйрықтар өріп жүр.

Бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қала тұрғындарының наразылығында шек жоқ, бәрі де желіде дабыл қағуда. «Егеуқұйрықтар өте қауіпті, өйткені олар неше түрлі инфекция тасымалдайды. Бұл маңдағы балалар кез келген уақытта ауру жұқтырып алуы мүмкін» деп жазды олардың бірі. Енді бірі егеуқұйрықтардың тез көбейетінін айтып, шұғыл шара қабылдауға шақырды.

Ал қаланың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы дератизациялық жұмыстарды жүргізу бойынша арнайы ұйыммен келісімшарт жасалғанын алға тартты.

«Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК әкімшілігі дератизациялық жұмыстарды жүргізу бойынша мамандандырылған ұйым – «Геро» ЖШС-мен шарт жасасты. Медициналық мекеме орналасқан аумақта дератизациялық іс-шаралар 27.06.2023ж. өткізіледі. Сондай-ақ қандай да бір шағымдарыңыз болса, бізге ресми түрде хабарласыңыздар. Шағым құзырет шегінде және қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер бойынша қаралып, пысықталады», - деп мәлімдеді басқарма.

Өскемен қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мекенжайы: 30-шы гвардиялық дивизия, 22. Жұмыс телефоны: 8(7232)-54-05-30

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу