KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
493.85 519.04 4.97

30 келі мефедрон: Есірткі лабораториясы анықталды

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

27.07.2023, 10:00 142 Оразай Жеңісұлы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен өзара әрекеттесе отырып, ТМД елдерінің аумағында таралып келген психотроптық заттардың ірі өндірісін жою бойынша операцияны іске асырды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«ҰҚК жедел қызметкерлері зерделеу барысында Қырғызстан Республикасындағы ірі есірткі лабораториясының жұмысы туралы ақпаратқа қол жеткізді. Халықаралық өзара әрекеттестік аясында жедел ақпарат әріптестерге жолданды.

Нәтижесінде 2023 жылғы 26 шілдеде Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі Бішкек қаласының маңында синтетикалық есірткінің дайын партиясын тасымалдау үстінде жергілікті есірткі қылмысына қатысы бар топтың басшысын және оның екі көмекшісін қолға түсірді.

Тінту кезінде 30 келі мефедрон, 2,2 тонна прекурсорлар, сонымен қатар есірткі өндіретін құрылғы табылып, тәркіленді», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Мәлім етілгендей, шет елдердің құзыретті органдарымен өзара әрекеттесе отырып, халықаралық есірткі трафигі арналарын анықтау мен олардың жолын кесу жұмысы жалғасып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу