Кәсіпорын аумағынан көлік ұрланды – Өскемен
Видеодан алынған кадр: ШҚО ПД
Өскеменде шағын кәсіпорынның тұрағында тұрған көлік ұрланды.
Полиция қызметкерлері бейнебақылау камерасы арқылы ұрының қайда екенін анықтап, қолға түсірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Көліктің тұрған жері бейнебақылау камералары арқылы анықталды. Көлікті ұрлаған 1998 жылы туған қала тұрғыны болып шықты. Ол өзінің заңсыз әрекетке барғанын мойындады», – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Оқи отырыңыз