Рубль бағамы төмендеп жатыр
Фото; kapital.kz
Kurs.kz деректеріне сүйенсек, ақша айырбастау орындарында ресейлік валюта бағамы тұрақсыз болып тұр.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 4,63-4,85 теңге аралығында сатылып жатыр. Ал Астанада 4,65-4,77 теңге аралығында құбылып тұр. Еліміздегі үшінші мегаполис Шымкентте Ресей рублінің құны - 4,67-4,74 теңге.
4 тамыздағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, Ресей валютасының орташа бағамы 4,69 теңге болған.
Ұлттық банктің 7 тамыздағы ресми бағамы – 1 рубль 4,69 теңге.
Айта кетейік, маусым айынан бері Қазақстанның ақша айырбастау орындарында ресейлік валюта бағамы құбылып тұр.
Оқи отырыңыз