Доллар 443-448 теңгеге саудаланып жатыр
Фото: kapital.kz
Kurs.kz деректеріне сүйенсек, Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 443 – 448 теңгеден саудаланып жатыр.
Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443,5 – 448 теңге, Алматыда 444,5 – 447,5 теңге аралығында құбылып тұр.
25 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,23 теңгеге төмендеп, 445,07 теңге болған. Ұлттық банктің 26 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 445,06 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,94 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,81 – 5,03 теңге аралығында саудаланса, Астанада көрші ел валютасы 4,85 - 4,95 теңгеден сатылып жатыр.