KZ
Өскемен
-10°
ясно жел 2,1 м/с, ОШ
496.71 531.33 5.55

10 тамыздағы сауда-саттықта доллар арзандады

Фото: newtimes.kz

10.08.2023, 16:38 195 Оразай Жеңісұлы

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы да арзандады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,16 теңгеге төмендеп, 445,03 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 10 тамыздағы ресми бағамы долларға 446,32 теңге болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар – 445,1-447,7 теңге, еуро – 489,5-493,5 теңге, Ресей рублі 4,57-4,77 теңге аралығында сатылып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу