Өскеменде жер үй өртенді
шартты сурет: orda.kz
Өскемендегі Красин кентінде жер үй өртенді. Тұрғындар от жаққан кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Өртті 14 қызметкер 3 техникамен сөндірді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды:
- От жағу кезінде абай болыңыз;
- Күлді, көмірді және лезде жанатын заттарды пештен алыс қою керек керек;
- Пешті ашық қалдыруға болмайды;
- Үйден шыққан кезде электр құрылғыларын өшіріңіз.
Естеріңізге саламыз, өрт тұтанған кезде 101 немесе 112 нөміріне дереу хабар беру керек.
Оқи отырыңыз