Республикалық құсбегілер чемпионатының бірінші күні оңай болған жоқ
Сайысқа еліміздің 12 облысынан 59 бүркіт, 14 қаршыға, 21 ителгі әкелінген.
ШҚО-дағы қатты жел сайысқа қатысушылар мен құстарға кедергі келтірді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ақпаратына сүйеніп.
Кеше Ұлан ауданының Бозанбай ауылында 2024 жылға арналған құсбегіліктен ересектер арасындағы XVII ҚР чемпионаты басталды. Үш күн ішінде өзара кіл мықтының арасынан кім мықтыны анықтайтын болады.
Жалпы сайысқа еліміздің 12 облысынан 59 бүркіт, 14 қаршыға, 21 ителгі әкелінген. Қатысушылардың арасында әлемге аты белгілі бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы да бар.
Сайыстың бірінші күні құсбегілер үшін оңайға соққан жоқ. Өйткені облыс аумағында қатты жел мен ақ түтек боран басылмай тұр.
Фото: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы