KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО: Браконьерлер 3 млн теңге залал келтірді

16.02.2024, 17:27 276 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының аумағында ақпан айының басынан бері «Браконьер» жедел іс-шарасы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

Бұл іс-шараның мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандарды ұстау және заңсыз әрекеттердің алдын алу.

Өңірде мұндай фактілер аз емес. Бүгінге дейін 180-нен астам құқықбұзушылық анықталып,  браконьерлерден 400 келіден астам балық тәркіленді. Мемлекетке келген залал 3 млн теңге деп бағаланды.

Қылмыстық істер де қозғалды, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Әсет Қизатов заңнама бұзғандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Жедел іс-шара 29 ақпанға дейін жалғасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу