KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Үлбі өзенін ластаған кәсіпорынға 50 млн теңге айыппұл салынды

сурет: gov.kz

19.02.2024, 12:07 367 Оразай Жеңісұлы

Үлбі өзенінің ластануына байланысты «Казцинк» ЖШС-нің Риддер тау-кен байыту кешеніне жоспардан тыс тексеру жүргізілген еді. Облыстық экология департаменті тексеру аяқталғанын мәлімдеді.

Мамандары іріктеп алған сарқынды сулардың сынамалары марганец бойынша 4,5 есе артық екенін көрсетті,

«Тазарту құрылыстарын дұрыс пайдаланбағандықтан, Үлбі өзеніне көп мөлшерде лас су шығарылған», - деп жазылған ресми ақпаратта.

Тексеру нәтижесінде «Казцинк» ЖШС-ға 50 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ кәсіпорын бұзушылықтарда жояды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу