Өскеменде Happy children марафоны өтеді

Облыс орталығында балалар жылы мен спорт күні қарсаңында Happy children марафоны өтікізілмек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өскемен қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, аталмыш шара қаладағы жалпы білім беретін мектептердің 5-8 сынып оқушылары арасында өткізіледі.
Марафон 19 тамыз күні сағат 9:00-ден 12:00 аралығында интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткіштен басталады.
Қатысуға өтінімдер 19 тамызда марафон басталатын жерде, яғни интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткіште қабылданады.