Өскемен: тағы 200 жол белгісі орнатылады

Облыс орталығындағы көшелерге тағы 200 астам жол белгісі қойылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қаланың ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегілер бүгінге дейін 435 жол белгісі орнатылғанын айтты. Жұмыс жалғасады.
– Тамыз айында қала көшелеріне тағы 200 белгі орнатуды жоспарлап отырмыз. Оған ескерту, тыйым салу, нұсқау, ақпараттық және басымдық белгілер кіреді. Барлық жол белгілері әкімшілік полиция бөлімінің ұйғарымы бойынша орнатылуда, – дейді бөлім мамандары.
Оқи отырыңыз