KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
495.95 524.37 4.98

Облыс әкімі Қытайдың "Ақылды қаласымен" танысады

26.11.2018, 05:39 103

Облыс әкімі Даниал Ахметов Синьцзян-Ұйғыр автономиясы басшысының алып жүрімен Үрімжі қаласындағы техника-экономикалық дамыту аймағына барды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Кешенде ШҚО басшысына әуелі мобильді аудармашы қосымшасы таныстырылды. Қосымша қытай-ұйғыр, қытай-ағылшын тілдерінде аударма жасайды екен. Келер жылы бұған қазақ тілі қосылмақ. Осылайша серіктестер арасындағы қарым-қатынас жеңілдей түспек.


Бұдан бөлек 12 сағат бойы тоқтаусыз ұшып жүріп жұмыс істейтін GPS бағдарламасы көрсетілді. Көбіне ауыл шаруашылығында қолданылатын аспап тез ақпарат жинап, дәлме-дәл электронды карта жасауға мүмкіндік береді.


Мәлім болғандай, бұл кешеннің жұмысы 2015 жылы басталған екен. Міндеті – халықты бағдарламалар арқылы жан жақты қамтамасыз ету. Электроника мен мен автомобиль өндірісін жандандыру. Сондай-ақ жоғары технологиялық өндіріске инвестиция тарту.


Кешенге 2017 жылғы есеп бойынша, салықтан 1 миллиард 367 миллион юань түсім түсіпті. Жалпы есепте техника-экономикалық жетілдіруші аймақ Синьцзян-Ұйғыр автономиясына 12 миллиард юань пайда келтірген.


Даниал Ахметов сапар барысында өзіне осы елдегі Smart City бағдарламасы ұнағандығын атап өтті.


– Біз бүгінде «Ақылды қала» жобасымен айналысып жатырмыз. Осыған қатысты сіздерде не бар екенін көргіміз келеді, – деді ол.


Жол бастаушы алдағы уақытта осы мәселеге байланысты Үрімжінің жауапты орынына апаруға уәде етті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу