KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 2 м/с, З
482.86 533.17 5.08

Жоғалып кеткен таксистің денесі Зайсаннан табылды

5.11.2018, 11:26 135

Бүгін «Апару» такси қызметінде жұмыс істеген Алтай Қалиевке іздеу салынғаны туралы жазған едік. Өкінішке қарай 54 жастағы таксистің денесі Зайсан ауданынан табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Алтай Қалиев 30 қазан күні 891 нөмірлі ақ түсті «Hyundai Accent» көлігімен жұмысқа кетіп, сол бойы үйіне қайта оралмаған. Өскемендік азаматтың жоғалғаны туралы ақпарат полицияға 31 қазанда түскен болатын.


Марқұмның туыстарының айтуынша, оны белгісіз біреулер азаптап өлтірген.


-Көлігі Зайсанның Айнабұлақ ауылынан табылды. 23 жастағы жас жігіт күдікті ретінде қамауға алынды деп естідік. Бірақ мұндай қылмысты жалғыз адамның жасауы мүмкін емес, оның жанында тағы да сыбайластары болуы мүмкін - дейді марқұмның жақын туысы.


Аталған оқиға туралы  ШҚО ПД баспасөз қызметі әзірге нақты ақпарат бермей отыр.


-Бұл жағдайға қатысты  әзірге ресми жауап бере алмаймыз. Ресми хат жіберулеріңіз қажет, - деді  ШҚО ПД баспасөз хатшысы Айгерім Нұрғазина.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив