KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Үржарлық таксист-сазгердің 70-ке жуық әні бар

19.10.2018, 08:38 181

Талғат Изеев өзінің өнерімен жұртшылықты тамсандырып келе жатқан жан. Күнделікті жұмыстан қолы қалт еткенде «ептеп» ән шығаратын өнері бар (өз сөзі). Гитараның да, домбыраның да , гармонның да құлағында ойнайтын Тәкең бүгінгі күнге дейін 70-тей ән шығарған. Кейбіріне әннің мәтінін де өзі жазып жібереді.


-Үржарға 1995 жылы Шұбартау ауданынан көшіп келдім,-дейді ол,- Сондағы «Бұлбұл» ансамблінде соло-гитара тартушы едім. Малды ауылдардың мәнісі кетіп, қызмет жасап жүрген Мәдениет үйінің берекесі қаша бастағанын түсінген соң жұбайым Назгүл Флотқызы мен қос құлыншағым Гүлбақыт пен Медетті алып осы - Үржар ауылына келіп қоныс тептік. Назгүл «адам жанының арашашысы» акушер болғандықтан, орталық ауруханаға орналасты да ешқандай оқу орнын тәмамдамаған маған «екі қолға бір күрек» табылмай қалғаны рас. Ары сенделіп, бері сенделіп, ақыры ескі автокөлігіммен жолаушыларға қызмет жасауға бекіндім. Дағдарысы дендеген 90-жылдардың қымбатшылығы бәрмізіге белгілі. Күнкөріс қиын, ақша жоқ. Әйтеуір, Назгүлдің бір айлығын талғажу етіп ілдебайлап күн көре бастадық. Негізі адам қиналғанда, сосын қатты қуанғанда шығарма туады-ау деймін. Әндерімнің көпшілігін сол тұста жазып тастаппын.


Біртіндеп уақыт өтіп жатты. Балалар да ержетті. Үржар халқына оның ән шығаратын өнері таныс бола бастады. Енді ауылдастары өнерпаз Талғатты той-томалаққа шақыра бастайтын болды. Тіпті, аудандық Мәдениет бөлімі де қызмет ұсынды. Алайда, бұл кезде автокөлігі бабында, таксиі жүйткіп, қала арасында жолаушылар тасымалдап жүрген оған қызметтен гөрі осы жұмысы абыройлы көрінгені рас. Қазір екі баласы да Алматыда. Гүлбақыт Қыздар педагогикалық университетінде ұстаз болса, Медет ішкі істер басқармасында офицер. Алла қаласа, таяу арада өзінің демеушісінің көмегімен өз дискісін шығаруды жоспарлап отырған сазгер, ақын Талғат Ұлан ауданы Айыртау ауылынан шыққан белгілі кәсіпкер Серік Әділбекұлына алғыс сезімін білдіреді.


-Алматыда тұратын Серік Әділбекұлының «Айыртауым» атты өлеңіне ән жазған едім. Қазір жергілікті жерде айтыла бастады. Секеңнің үлкен демеушілігімен осындай орындалмай жүрген мақсаттар орындала бастағандай. Аллаға шүкір,-дейді ол.


Аягөз, Үржар, Семей, Өскеменнің арасына жолаушы тасымалдап жүрген сазгер-таксист Талғат Әбдуалиұлының шығармалары үржарлықтар үшін қымбат.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив