KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Көктем уақытында келеді – синоптиктер

17.10.2018, 10:51 146

Синоптиктер келер жылы көктем мезгілінің қандай болатынын болжап отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Мамандардың айтуынша, көктем осы жолы уақытында келеді. Наурыз айында аралас жауын-шашын болмақ. Жаңбыр қарға ұласып, қар жаңбырға ауысып отырады. Ауа температурасы да ауыспалы болады екен.


Жалпы алғанда, 2019 жылдың көктемінде температура нормадан жоғарылап, жауын-шашын көп түседі деп болжайды синоптиктер. Бұл әсіресе еліміздің оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс бөліктеріне қатысты.


Сондай-ақ, синоптик мамандар маусымдық ауа райы болжамының ықтималдығы 55-60 % ғана екенін ескертіп отыр. Мезгіл жақындағанда болжам нақтыланатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив