KZ
Өскемен
+7°
ясно Штиль
480.11 532.25 5.14

Өскеменде жол полициясы дабыл қағып келе жатқан жедел-жәрдем көлігін тоқтатып қойды

2.10.2018, 06:03 137

Өскеменде жол қозғалысын реттеуші шенеуніктер үшін көліктерді тоқтатқан. Оның ішінде жедел-жәрдем көлігі де бар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Тәртіп сақшысының осы әрекетін видеоға түсіріп алған ШҚО тұрғыны, Бүкіләлемдік желіге салған.


– Бүгін ЖМК жақтан дабыл қосып, Ертіс көпіріне беттеп келе жатқан жедел-жәрдем көлігін көрдім. Осы сәтте жолға полиция қызметкері шығып, көліктер ағынын тоқтатты, оның ішінде жедел-жәрдем де бар. Тәртіп сақшысы кортежді өткізу үшін осындай әрекетке барған көрінеді. Ал егер медициналық көліктің ішінде науқас болса ше? Әр секунд қымбат емес пе? Осы жағдайда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Мені осы сұрақ мазалайды – деп жазған желіге видео авторы.


https://youtu.be/Pogrt6gLiHQ

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив