KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 2 м/с, В
482.86 533.17 5.08

Семейде Қазақстан қан тамырлары хирургтарының съезі өтті

23.08.2018, 05:50 132

Тамыздың 24-25 күндері Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінде Қазақстан қан тамырлары хирургтары қоғамдастығының III-ші съезі өткізіледі. Соның аясында «Ангиология және қан тамырлары хирургиясындағы замануи тәсілдер» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференциясы ашылады.


2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасына сәйкес, өлім-жітімнің 22, 3% қан айналымы сырқаттарына келеді екен. Оның қатарына жүрек ишемиясы, ми қан тамырларының зақымдануы сынды ауруларды жатқызуға болады. Жыл сайын осы кеселдерден 30 мыңға жуық адам көз жұмады. Ал қан айналымы сырқаттарының өсу деңгейі 15% құрап отыр. Жүрек қан-тамыр аурулары кенеттен пайда болуы мүмкін. Оның қауіптілігіде осыда. Міне сондай өзекті мәселелер, алдағы конференцияға арқау болмақ. Сол сияқты алқалы жиында қан тамырлары хирургиясына қатысты тың мәселелер қаузаланады. Семейдегі басқосуға Қазақстан мен көршілес мемлекеттердің үздік хирургтары мен ғалымдары келеді деп күтілуде. Олардың арасында Қазақстан қан тамырлары хирургтары қоғамдастығының президенті, профессор Тоқан Султаналиев, ангиологтар мен қан тамырлары хирургтерінің Еуро-Азиялық қауымдастығының президенті, профессор Алексей Фокин (Ресей Федерациясы), сонымен қатар Қазақстандағы қан тамырлары хирургиясының негізін салғандардың бірі, медицина ғылымдарының докторы Еділ Апсатаровта бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив