KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 3 м/с, ОБ
479.05 534.57 5.17

ШҚО-да тау өзендері арнасынан асу қаупі бар

17.07.2018, 04:25 180

ШҚО-ның таулы өңірлеріне саяхат жасауды жоспарлап қойсаңыз, сақ болғаныңыз жөн. ШҚО ТЖД хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалы  тау өзендері жаңбыр суының әсерінен көтерілуі мүмкін деп ескертеді.


Әсіресе Қалжыр, Қалғұтты, Күршім , Нарын, Қайыңды, Бұқтырма, Үлбі, Уба және Риддер маңайындағы өзендерде  су мөлшерінің қалыпты деңгейден асатыны туралы қауіп бар.


ШҚО ТЖД жергілікті тұрғындар мен туристерді тауда абай болуға шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив