KZ
Өскемен
-4°
ясно жел 2 м/с, В
482.86 533.17 5.08

Қазақстанның елтаңбасын өзгерту ұсынылды

12.06.2018, 11:15 118

Астанада өткен конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқыққорғау органдары бойынша Комитеттің кеңейтілген отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды. Бұл туралы Қазақстан Үкіметі Сенатының ресми сайтында хабарланып отыр.


"Мемлекеттік рәміздер туралы" заңға өзгерістер енгізуде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын өзгерту қарастырылған. Нақты айтқанда, елтаңбадағы "Қазақстан" сөзін латын әріптерімен жазу ұсынылды.


Сенаторлар басқа да құжаттарды қарастырған екен. Олардың ішінде – Бюджеттік кодекс, Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекс, сайлау туралы, жергілікті мемлекеттік басқару, саяси партиялар мен мемлекеттік қызмет туралы заңдар.


-Заң жобалары палатаның қарауына берілді, - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив