KZ
Өскемен
-4°
ясно жел 2 м/с, В
482.86 533.17 5.08

Өскеменде жол ортасында әйел адам жатыр (видео)

24.05.2018, 04:24 251

Тәуелсіздік даңғылындағы жол үстінде еш қимылсыз жатқан әйел адам табылды. Мұны көрген адамдар әйелді көлік қағып кетіп, жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытқан деген болжам жасаған еді. Алайда іс жүзінде басқаша болып шықты.


Анықталғандай, жол ортасында жатқан әйелді көлік қақпаған. Сол маңнан өтіп бара жатқан полиция қызметкері зардап шеккен адамға көмек көрсетпек болады. Сөйтсе, оның бұл жағдайы ішімдікке удай мас болуымен байланысты екен.


Мас әйел жолдан өтпек болып, шалынып құлаған. Қайта орнынан тұруға шамасы келмей, біраз демалып, жата тұрайын деп шешеді. Оқиға орнынан әйел бірден ауруханаға жеткізілді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив