KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Шәкәрім университетінің студенттері жарты млн теңгенің сертификатын жеңіп алды

27.04.2018, 07:07 154

Сәуір айының 25-26 күндері Өскемен қаласында ШҚО ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығының тікелей бастамасымен облыс аумағындағы жоғарғы және орта арнаулы білім мекемелері арасында дәстүрлі «Студенттік Көктем - 2018» фестивалі өткен болатын.

Ауқымы кең көлемде өткізілген бұл фестивальге Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Сен тұр, мен атайын» деп суырылып шыққан жүзге тарта студенттері де қатысып, жеңіспен оралды. Нақтырақ айтқанда, "Ең үздік креативті алаң" жəне "Жастар таңдауы " аталымы бойынша өзгелерден оқ бойы озып, барлық қарсыластарын шаң қаптырды.



-Біз жеңіс үшін бар күшімізді салдық, жеңіске тігілген үш номинацияның екеуі де біздің университеттің киелі шаңырағына бұйырғанына өте қатты қуаныштымын. Жалпы осымен 6-шы мәрте ұйымдастырылып отырған фестиваль өте жоғары деңгейде өтіп, барлығымызға ерекше атмосфера сыйлай білді- дейді жарысқа қатысушы Шәкәрім университетінің Инженерлік технологиялық факультетінің 3 курс студенті Ақнұр Сақпан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив