KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

18 жаңа оқулықпен барлық университеттер қамтылады

19.04.2018, 11:27 117

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» республикалық жобасын талқылау мақсатында қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенділері, Қазақстан халықтары ассамблеясының қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, ғылыми-сараптамалық тобы мен «Жаңғыру жолы» жастар штабының мүшелері Достық үйінде бас қосты.


Достық үйінің директоры Эльдар Төлеубеков, С.Аманжолов атындағы мемлекеттік университет мұражайының директоры Әділ Сайлаубек, «Алтайтану» орталығының бас ғылыми қызметкері  Элеонора Столярова, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Майра Шүршітбай әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әр түрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастардың дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуына бағытталған жобаның мән-маңызын студент жастарға түсіндірді.


Бүгінде философия, әлеуметтану, экономика, менеджмент, тарих саласындағы қазақ тіліне аударылған 18 кітап жарық көрді. Жыл соңына дейін еліміздегі барлық жоғары оқу орындары бұл кітаптармен толық қамтылады. Ғалымдарымыз айтып өткендей, әлемнің әйгілі университеттерінде оқытылатын ең мықты кітаптарды қазақ тіліне аудару – білім-ғылымға талпынған студент жастар үшін зор мүмкіндік.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив